Германия экс-канцлері, өткен ғасырдың аяқ шенінде Германияның бірігу процесінде негізгі роль атқарған тұлғалардың бірі Гельмут Коль дүниеден өтті. Неміс баспасөз құралдарының жазуынша, 87 жастағы Коль Людвигсхафен қаласындағы өз үйінде қайтыс болған.
Гельмут Коль сонымен бірге Еуропаның ортақ валютасын айналымға енгізу туралы бастама көтеріп, оны жүзеге асыру ісінде белсенділік танытқан қайраткерлердің бірі болатын.
Ол Германия тарихында үкімет басында ең ұзақ – 1982 жылдан 1998 жылға дейін отырған мемлекеттік қайраткер.
2008 жылы құлап, басынан жарақат алғаннан кейін көпшілік алдына шығуды қойған Гельмут Кольдің мүгедек арбасымен ғана қозғалатын.