Accessibility links

ИМ тобы Мосул тұрғындарын "тірі қалқан" етіп отыр


Ирак үкімет әскері мен "Ислам мемлекеті" экстремистік тобы арасында соғыс жүріп жатқан Мосул қаласындағы тұрғындар. 13 маусым 2017 жыл.
Ирак үкімет әскері мен "Ислам мемлекеті" экстремистік тобы арасында соғыс жүріп жатқан Мосул қаласындағы тұрғындар. 13 маусым 2017 жыл.

Ирактың Мосул қаласында үкімет әскері мен АҚШ бастаған халықаралық коалиция күштеріне қарсы соғысып жатқан "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік тобы 100 мыңнан астам бейбіт тұрғынды "тірі қалқан" ретінде ұстап отыр.

БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі өкілі Бруно Геддо "жихадшылар Мосулдың ескі шаһар бөлігінен кетуге тырысқан тұрғындарды мерген қаруынан көздеп атып, кері қайтуға мәжбүр ететінін айтады" деп хабарлайды Reuters. Оның сөзінше, ИМ бақылауындағы аудандарда азық-түлік пен су жетіспейді, сонымен бірге тұрғындар электр қуаты мен отыннан тарығып отыр.

Ирак және АҚШ әскерилерінің мәліметі бойынша, Мосулда мыңға жуық ИМ содыры қалған.

Мосул қаласын ИМ экстремистерінен азат ету операциясы өткен жылғы қазан басталған. Содан бергі өткен уақыт ішінде 850 мыңнан аса тұрғын мекен-жайларын тастап кетуге мәжбүр болған. Кейін қаланың содырлардан азат етілген шығыс бөлігіне 200 мыңға жуық тұрғын қайтып оралған.

XS
SM
MD
LG