Accessibility links

Ресейдің РБК медихолдингін Григорий Березкин сатып алған


РБК медиахолдингінің Мәскеудегі ғимараты.
РБК медиахолдингінің Мәскеудегі ғимараты.

Ресейдің танымал кәсіпкері Михаил Прохоровтың "Онэксимбанк" тобы РБК медиахолдингін сатты. Оны Григорий Березкиннің меншігіндегі ЕСН ("Евросевернефть") компаниялар тобы сатып алған деп хабарлайды Азаттықтың Орыс қызметі.

РБК медиахолдингін қаншаға сатқаны туралы ақпарат жоқ. Бұған дейін ресейлік "Коммерсант" басылымы "Березкин РБК медиахолдингі үшін 100 миллион доллар төлеуге әзір болған" деп хабарлған.

Бұған дейін vc.ru сайты "Ресей президенті әкімшілігінде телеарналар, радиостанциялары, газет-журналдар мен ақпарат агенттіктеріне байланысты мәселелермен айналысатын лауазымды шенеуніктің қысымы Прохоровты меншігіндегі РБК медиахолдингін сатуға мәжбүр еткені" туралы ақпарат таратқан. Онда Ресейде наурыздың 26-сында өткен шерулер және федералдық телеарналарында тақырыптардың өзгеруі туралы РБК жариялаған материалдар шенеуніктің көңілінен шықпай қалғаны айтылған.

XS
SM
MD
LG