Accessibility links

Ордабасы ауданында жол апатынан бес адам қаза болған


Оңтүстік Қазақстан облысында бүгін жол-көлік апаты салдарынан бес адам мерт болып, тағы бесеуі түрлі дәрежеде жарақат алған. Бұл туралы Азаттыққа облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Полицияның мәліметі бойынша, маусымның 17-і күні таңғы сағат төрттің шамасында Ордабасы ауданындағы Шымкент-Самара тас жолында "Лада" және "Мерседес" маркалы екі жеңіл көлік соқтығысып қалған.

Автомобильдер жүргізушілері мен "Лада" көлігінде болған екі жолаушы оқиға болған жерде қаза болған. "Ладаның" тағы бір жолаушысы ауруханаға апара жатқанда жарақат салдарынан көз жұмған. "Мерседес" жеңіл көлігінде болған бес жолаушы түрлі дәрежедегі дене жарақатымен Ордабасы аудандық ауруханасына жеткізілген.

Бірнеше адамның қазасына себеп болған жол-көлік апатына байланысты іс қозғалып, тергеушілер сотқа дейінгі тексеру амалдарын жүргізіп жатыр деп хабарлайды облыстық полиция мекемесі.

XS
SM
MD
LG