Accessibility links

Жапон теңізінде жоғалған АҚШ-тың жеті әскериі табылмай жатыр


АҚШ әскери кемелері. (Көрнекі сурет.)
АҚШ әскери кемелері. (Көрнекі сурет.)

Жапония жағалауы маңындағы теңізде АҚШ эсминеці мен филиппиндік жүк кемесінің соқтығысып қалуы салдарынан хабарсыз кеткен америкалық жеті әскери қызметкерді іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Кеме капитаны мен кемінде екі әскери теңізші жарақат алған. Бұл туралы АҚШ әскери-теңіз басшылығы мен жапонның жағалаудағы күзет қызметі хабарлаған.

Құтқарушылар жоғалған адамдарды апат болған аймақта іздестіріп жатыр. Болжам бойынша, теңізшілер кемелер бір-біріне соқтығысқан кезде соққы күшінен суға құлап кетуі мүмкін. Енді бір долбар бойынша, теңізшілер жүк кемесі соққысынан эсминецтің бүлінген тұсындағы бөлмелерден шыға алмай қалған болуы ықтимал. CNN телеарнасы эсминецтің бір бүйірі қатты зақымданғанын көрсетіп, негізгі бүлінген жері су астында екенін хабарлады. Онда кемеге кірген суды сорып, сыртқа төгіп жатыр.

АҚШ-тың 7-флотының басшылығының хабарлауынша, Филиппин туын көтеріп, жүк артқан кеменің көлемі америкалық эсминецтен үш есе үлкен. Қатты зақымданғанына қарамастан эсминец Йокосука портындағы тұрақты базасына жүзіп барады. Флот басшылығы теңіздегі төтенше оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатқаны туралы хабарлады.

XS
SM
MD
LG