Accessibility links

Жапон теңізіндегі апатта АҚШ эсминецінің жеті әскериі қаза болған


Филиппин жүк кемесімен теңізде соқтығысып, бүйірі қатты зақымданған амеркалық "Фитцджеральд" эсминеці. Жапония, 17 маусым 2017 жыл.
Филиппин жүк кемесімен теңізде соқтығысып, бүйірі қатты зақымданған амеркалық "Фитцджеральд" эсминеці. Жапония, 17 маусым 2017 жыл.

Жапон теңізінде филиппиндік жүк кемесімен соқтығысып қалған соң хабарсыз кетті деп жарияланған АҚШ эсминецінің жеті әскери қызметкерінің қаза тапқаны хабарланды. АҚШ әскери-теңіз күштері 7-флоты басшылығының сайтында жарияланған ақпаратта жеті әскери теңізшінің денелері жүк кемесімен соқтығысқаннан кейін су басқан эсминецтің каюталарынан табылғаны айтылған.

«Қазір оларды Йокосукадағы әскери-теңіз ауруханасына алып кетті, сонда анықтайтын болады", - деген әскери басшылық қаза тапқандардың аты-жөні кейінірек жарияланатыны туралы хабарлаған.

Сенбіге қараған түні Жапонияның Йокосука қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 100 шақырым қашықтықта теңізде америкалық "Фитцджеральд" эсминеці мен көлемі одан үш есе үлкен филиппиндік жүк кемесі соқтығысып қалған.

Апат салдарынан АҚШ әскер кемесінің оң ақ бүйірі қатты зақымданып, ішіне су кірген. Эсминец капитаны мен тағы екі адам жарақат алып, кейін тікұшақпен Йокосукадағы ауруханаға жеткізілген. АҚШ әскери-теңіз күштері 7-флотының басшылығы эсминецтің экипажындағы жеті әскери қызметшінің хабарсыз кеткені туралы хабарлаған.

Бүйірі қатты зақымданған амеркалық "Фитцджеральд" эсминеці Йокосукаға өзі жүзіп жеткен. "Томагавк" қанатты зымыран қаруы бар бұл эсминец сондағы АҚШ әскери-теңіз базасында қызмет атқарып келген.

XS
SM
MD
LG