Accessibility links

Қырымда "Иегова куәгерінен" діни ұстанымын өзгертуді талап еткен


Ресейде "Иегова куәгерлері" діни ұйымы туралы сот шешімін күтіп тұрған адамдар. 7 сәуір 2017 жыл. (Көрнекі сурет.)
Ресейде "Иегова куәгерлері" діни ұйымы туралы сот шешімін күтіп тұрған адамдар. 7 сәуір 2017 жыл. (Көрнекі сурет.)

Ресей аннексиялап алған Қырым түбегінде комиссия әскер қатарына шақырылған "Иегова куәгерлері" діни қауымдастығы өкілінен басқа дінге өтуін талап еткен.

Ресейлік "Иегова куәгерлері" діни қауымдастығы сайтында жарияланған ақпаратта маусымның басында Қырымның Бақшасарай ауданы әскери комиссариаты әскер қатарына шақырылған жас жігіттің балама қызмет атқару туралы өтінішін қанағаттандырудан бас тартып, "ол үшін басқа дінге өтуі қажет екенін" мәлімдегені, бірақ "қай дін екенін ашып айтпағаны" туралы жазылған. Діни қауымдастық Ресей конституциясы бойынша әркімнің дін ұстану еркіндігіне кепілдік берілгенін еске салған.

Мамырдың ортасында Еуропалық дін ұстану еркіндігі үшін форумы мен "Шекарасыз адам құқықтары" ұйымы Ресей Жоғарғы сотына "Иегова куәгерлері" діни ұйымы қызметіне тыйым салу туралы шешімнің күшін жоюды сұрап өтініш берген. Олар биліктің әлгіндей шешімі адам құқығын шектейді деп санайды.

Сәуірдің 20-ы күні Ресей әділет министрлігі "Иегова куәгерлері" діни ұйымын "экстремистік ұйымға" жатқызып, ел аумағында оның қызметіне тыйым салу және дүние-мүлкін тәркілеу туралы шешім қабылдаған.

XS
SM
MD
LG