Бүгін Ауғанстанның шығысында полицияның штаб-пәтеріне "Талибан" содырлары жасаған шабуыл салдарынан кемінде бес полиция қызметкері қаза тауып, сегізі жараланған. Бұл туралы Пактия уәлаяты полиция бастығының өкілі Сардар Уәли Табасим мәлімдеген.
Оның айтуынша, шабуыл жасаушылардың бірі өзін жарып жіберген, тағы екеуін полиция атып өлтірген.
Аты-жөнін атамауды сұраған жергілікті аурухана дәрігері түрлі дәрежедегі жарақаты бар ондаған бейбіт тұрғынға медициналық жәрдем көрсетілгені туралы айтқан.
Ауғанстан ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Наджиб Даниш Пактия уәлаятының орталығы Гардез қаласында шабуыл жасалғаны туралы ақпаратты растады.
"Талибан" қозғалысының өкілі Забихулла Муджахид бүгінгі шабуылға жауапкершілікті алатыны туралы мәлімдеме таратқан.