Accessibility links

Йеменде әуе шабуылынан 25 адам құрбан болды


Йеменнің солтүстігіндегі Саада провинциясында соғыстан қираған ғимараттар.
Йеменнің солтүстігіндегі Саада провинциясында соғыстан қираған ғимараттар.

Йеменнің солтүстігіндегі Саада провинциясында базарға жасалған әуе шабуылынан кем дегенде 25 адам қаза тапты. Шабуылды Сауд Арабиясы бастаған коалиция әуе күштері жасады деген күдік бар. Сауд Арабиясымен шектесетін Саада провинциясын көтерілісшіл хуситтер бақылайды. Хуситтер Иранның және шиит жасақтарының қолдауымен Йемен астанасы Санаға және елдің солтүстік бөлігіне бақылау орнатқан.

Сауд Арабиясы басқаратын және АҚШ қолдайтын коалиция 205 жылдың наурызынан бері Йеменді бомбалап жатыр. Елдегі қақтығыстардан 10 мыңға тарта бейбіт тұрғын қаза тапты. БҰҰ ақпараты бойынша, олардың басым көпшілігі әуе шабуылдарының құрбаны болды. Соғыстан миллиондаған адам босып кетті.

XS
SM
MD
LG