Accessibility links

Иран Сириядағы ИМ шептерін зымыранмен атқылады


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Иран "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымы содырларының Тегеранда парламент пен аятолла Хомейни кесенесіне жасаған шабуылына жауап ретінде Сирияның шығысындағы ИМ шептерін зымыранмен атқылады. Ислам революциясын қорғау корпусының мәлімдеуінше, орташа қашықтыққа ұшатын зымырандар Иранның шығысынан Сирияның Дейр әл-Зор ауданына қарай атылған.

Ресми ақпарат бойынша, зымыран шабуылынан "көптеген содырдың көзі жойылған. Шабуылда ИМ-нің "көлікке арналған жарылғыш құрылғылар жасайтын содырлардың штаб-пәтері мен жиналатын жері" нысанаға алынған. Корпус мәлімдемесінде сонымен қатар "кез-келген қантөгісті жазасыз қалдырмайтыны" айтылған.

Бір апта бұрын ИМ содырлары Тегеранда Иран парламенті мен аятолла Хомейнидің кесенесіне шабуыл жасаған. Шабуылдан 13 адам қаза тауып, 40-қа тарта адам жараланған.

XS
SM
MD
LG