Accessibility links

Брюссельде Brexit келіссөзі басталады


Дэвид Дэвис, Ұлыбританияның Brexit мәселелері бойынша министрі.
Дэвид Дэвис, Ұлыбританияның Brexit мәселелері бойынша министрі.

Дүйсенбіде Брюссельде Ұлыбритания мен Еуропа Одағы (ЕО) басшылығы арасында Ұлыбританияның одақтан шығуы жөніндегі келіссөзі басталады. Келіссөзде Ұлыбритания делегациясын осы елдің Brexit мәселелері бойынша министрі Дэвид Дэвис басқарады.

Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй 30 мамырда ЕО-ны құру жөніндегі Лиссабон келісімінің одақтан шығу туралы 50-бабын іске асыратынын мәлімдеген. Жоспар бойынша, Brexit келіссөзі екі жылға созылмақ.

8 маусымда өткен парламент сайлауында Тереза Мэйдің партиясы парламентте көпшілік орынға ие бола алмай қалған соң оған үкіметтің Brexit-ке қатысты ұстанымын жұмсарту және иммиграцияны бақылау есебінен Еуропа нарығымен тығыз байланыс орнату туралы қысым жасала бастаған.

Brexit процесі Ұлыбританияның географиялық тұрғыдан бөлшектену қаупін туғызуы мүмкін. 2016 жылы шілдеде болған референдумда Шотландия мен Солтүстік Ирландия халқының басым көпшілігі ЕО құрамында қала беруін қолдаған, бірақ юнионистер brexit-ті қолдаған. Brexit процесі аяқталған соң Солтүстік Ирландияның Ирландиямен шекарасы Ұлыбританияның ЕО-мен арадағы бірден бір құрлықтағы шекарасына айналмақ.

Brexit-ті бұрыннан жақтайтын Дэвид Дэвис Еурокомиссияның штаб-пәтерінде ЕО-ның ішкі сауда жөніндегі комиссары Мишель Барньемен кездеседі. Кездесуден соң тараптар біріккен баспасөз конференциясын өткізеді.

"Қызу жұмыс басталады. Бұл кездесулер кейбір тұста қиын жүруі мүмкін, бірақ біз оларды конструктивті тұрғыда шешуге тырысамыз" деді Дэвид Дэвис.

XS
SM
MD
LG