Accessibility links

СІМ Лондонда жараланғандар арасында қазақстандықтар бар-жоғын тексеріп жатыр


Лондонның Финсбери паркі ауданындағы мешіт маңын қоршап тұрған полицейлер. 19 маусым 2017 жыл.
Лондонның Финсбери паркі ауданындағы мешіт маңын қоршап тұрған полицейлер. 19 маусым 2017 жыл.

Қазақстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Әнуар Жайнақов министрлік Лондонда мешіт жанында болған оқиғадан зардап шеккендер қатарында қазақстандықтар бар-жоғын анықтап жатқанын хабарлады.

Лондонның Финсбери паркі ауданындағы мешіт маңында 19 маусымға қараған түні фургон жаяу жүргіншілерді қағып өткен. Полицияның хабарлауынша, шабуылдан бір адам қаза тауып, 10 адам жараланды. Билік оқиғаны террорлық шабуыл болуы мүмкін деп тексеріп жатыр.

Полиция шабуылдан соң күдікті бір адам ұсталып, ақыл-есінің дұрыстығын тексеру үшін ауруханаға жеткізілгенін хабарлады. Ұлыбританияның мұсылман кеңесі Twitter-де оқиғаның Финсбери паркіндегі мешіт маңында болғанын және фургонның мешіттен шыққан жаяу жүргіншілерге әдейі соқтыққанын жазды.

XS
SM
MD
LG