Accessibility links

ТЖК тыйым салынған жерлерде суға түсудің қауіпті екенін ескертеді


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстан ішкі істер министрлігінің төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды шомылуға арналмаған өзен-көлдер мен су қоймаларында шомылмауға шақырды. Комитет мәліметінше, маусымның басынан бері елде өзен-көлдер мен су қоймаларында 45 адам, соның ішінде 24 бала суға батып кеткен. Ал жыл басынан бері 98 адам, оның ішінде 52 бала суға батып кеткен. 61 адам құтқарылған.

Комитет қайғылы оқиғалар көбінесе "тиісті жағдай жасалмаған" стихиялық жағажайларда болатынын айтып, ересектерді балаларды қараусыз қалдырмауды және тыйым салынған орындарда шомылмауды, суға түсу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертеді.

XS
SM
MD
LG