Accessibility links

Трамп екі көмекшісін Израиль мен Палестинаға жібермек


АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік бойынша көмекшісі Джейсон Гринблатт (сол жақта) пен Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху. Иерусалим, 17 наурыз 2017 жыл.
АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік бойынша көмекшісі Джейсон Гринблатт (сол жақта) пен Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху. Иерусалим, 17 наурыз 2017 жыл.

АҚШ президенті Дональд Трамптың негізгі екі кеңесшісі Израиль мен Палестина арасындағы бейбіт келіссөзді жандандыру үшін Иерусалим мен Рамаллаға барады. Ақ үй ресми өкілдерінің хабарлауынша келіссөзді қайта бастауға Трамптың кеңесшісі әрі күйеубаласы Джаред Кушнер мен ұлттық қауіпсіздік жөніндегі көмекшісі Джейсон Гринблатт барады.

Гринблатт аймаққа 19 маусымда, Кушнер 21 маусымда жетеді. Гринблатт 18 маусымда Twitter-де Таяу Шығысқа келіссөзге барар қарсаңында "толқып тұрғанын" жазған.

Ақ үйдің көмекшілері Иерусалим мен Рамаллада Израиль және Палестина басшыларымен кездесіп, олардың "нені қалайтындарын және бұдан ары не істейтіндерін" білмек.

"Президент Трамп израильдіктер мен палестиналықтар арасында мығым бейбіт келісім орнатуға жұмыс істеудің өзі үшін басты нәрсе екенін айқын ұқтырды. Ол бейбітшілікке қол жеткізуге болатынына нық сенімде" деп хабарлады АҚШ президенті әкімшілігінің өкілі.

XS
SM
MD
LG