19 маусымға қараған түні Душанбеден Астанаға алғашқы жолаушылар пойызы жетті деп хабарлады "Жолаушылар тасымалы" компаниясы. Бұған дейін екі қала арасында тікелей теміржол қатынасы болмаған.
Душанбе мен Астана арасында пойыз жүргізу туралы шешім Қазақстан мен Тәжікстанның теміржол операторлары арасындағы келісімге сай қабылданған. Қазақстандық "Жолаушылар тасымалы" компаниясының мәлімдемесінде бұл маршрут Астанада "халықаралық EXPO-2017 көрмесі өтетін кезеңде туризмнің дамуына септесетіні" айтылған.
Халықаралық пойыз маршруты Қарақалпақстан арқылы Бейнеу - Жезқазған теміржол желісімен өтеді. Пойызда тоғыз вагон бар және ол Душанбеден әр бейсенбіде, ал Астанадан дүйсенбіде жолға шығады.