Accessibility links

Алматыда ҚазҰАУ студентінің өлімі бойынша сот басталды


Тойшыбек Асамов, ҚазҰАУ студенті Дидар Болысбектің өліміне күдікті. Алматы, 19 маусым 2017 жыл.
Тойшыбек Асамов, ҚазҰАУ студенті Дидар Болысбектің өліміне күдікті. Алматы, 19 маусым 2017 жыл.

Алматының Бостандық аудандық №2 сотында Қазақ Ұлттық аграрлық университеті (ҚазҰАУ) студенті Дидар Болысбектің өліміне қатысты сот отырысы басталды деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Бұл іс бойынша сотқа айыпталушы ретінде ҚазҰАУ-дың екінші курс студенті Тойшыбек Асамов тартылған. Істі судья Арай Нұғманова жүргізіп жатыр. Тергеу тарабы Асамовты 12 сәуірде университет жатақханасында бірінші курс студенті, 17 жастағы Дидар Болысбектің қаза табуына қатысы бар дейді. Асамовқа Қылмыстық кодекстің 106-бабының 3-бөлігі ("Адам денсаулығына қасақана ауыр нұқсан келтіру"), 194-бабының 1-бөлігі ("Күштеп мүлкін тартып алу") бойынша айып тағылып отыр. Асамов оқиғадан соң қамауға алынған.

Сотта жәбірленуші ретінде Болысбектің ата-анасы және бірінші курстың бірнеше студенті тартылған.

Сотта жәбірленуші ретінде сөйлеген студенттер өздерінен бір курс жоғары оқитын күдікті мен тағы бір студенттің өздерінен "ақша жинап беруді талап еткенін" айтты. Жәбірленушілердің сөзінше, олар алғашқыда талап еткен ақшаны жинап берген, екінші рет бас тартқанда соққыға жығылған. Дидар Болысбек осы кезде соққыдан көз жұмған.

Сотқа әкелінген Асамов оқиға орнында болғанын растағанымен, өзіне тағылған айыпты мойындамайтынын мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG