Accessibility links

ЕО сыртқы істер министрлері Қырымға қатысты санкцияны ұзартты


Көрнекі сурет.

Еуропа Одағы (ЕО) елдерінің сыртқы істер министрлері Қырымға инвестиция құюға салынған тыйымды тағы бір жылға ұзартуды мақұлдады. Санкциялар 2014 жылы Ресей Қырым түбегін аннексиялап алынған соң салынған және жыл сайын ұзартылып келеді.

Санкциялар ЕО-ның Қырымнан тауар импорттауына, еуропалық компаниялардың түбекте компания мен жылжымайтын мүлік сатып алуына, ЕО елдері туының астында жүретін кемелердің Қырым порттарына баруына тыйым салады. Қырымдық компанияларға транспорт, телекоммуникация және энергетика салаларында тауар мен технологиялар жеткізуге де тыйым салынған.

ЕО-ның Ресейдің банк және энергетикалық секторына салған экономикалық санкциялары одақ елдері басшыларының 22 маусымда Брюссельде өтетін саммитінде талқылануы мүмкін. ЕО дипломаттары Азаттыққа аталған санкциялар маусымның соңында тағы алты айға ұзартылады деп сенетіндерін айтты.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG