Accessibility links

БҚО-да киік мүйізі контрабандасына қатысты сот белгіленді


Мүйізін кесіп алған өлі киік. Сурет Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасының баспасөз қызметінен алынды.
Мүйізін кесіп алған өлі киік. Сурет Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасының баспасөз қызметінен алынды.

Орал қалалық қылмыстық істер жөніндегі сотта 23 маусымда Нұрғали Байқатовтың ісіне қатысты сот басталады деп хабарлады Батыс Қазақстан облыстық (БҚО) соты. Оған "құрып бара жатқан жануарларды заңсыз қырды" деген айып тағылған.

50 жастағы Байқатов өткен жылы сәуір айында Оралдағы темір жол вокзалында ұсталған. БҚО ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, басқарма қызметкерлері оның автокөлігінен "402 ақбөкен мүйізін тапқан".

БҚО орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясы басшысының орынбасары Серік Мәженовтың айтуынша, 402 мүйізді жинау үшін 200-ден астам ақбөкенді өлтірген болуы мүмкін. Мәженовтың сөзінше, мемлекетке 170 миллион теңге шығын келген. Бір мүйіздің құны - 453 мың теңгеге бағаланады.

Ресми мәлімет бойынша, облыста 2017 жылдың басынан бері ақбөкен мүйізін жинаған 16 браконьерлік оқиға тіркелген.

  • 16x9 Image

    Санат ОРЫН ӘЛИ

    Санат 2014 жылы қарашада Азаттықтың Батыс Қазақстандағы тілшісі ретінде қызметке кірісті. 2005 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Қызмет жолын "Уральская газета" басылымында бастаған. 2006-2014 жылдары Алматы мен Астанадағы түрлі БАҚ-тарда жарияланып тұрған.

XS
SM
MD
LG