Accessibility links

Өкілдер палатасы Ресейге қарсы санкцияға дауыс беруді кейінге ысырды


АҚШ конгресі орналасқан Капитолий ғимараты (Көрнекі сурет).
АҚШ конгресі орналасқан Капитолий ғимараты (Көрнекі сурет).

АҚШ конгресінің өкілдер палатасы Ресейге қарсы жаңа санкциялар салуды қарастыратын заң жобасын халықаралық істер жөніндегі комитеттің қарауына жөнелтті деп хабарлады Associated Press.

Өкілдер палатасының мұнысы Демократиялық партия мүшелері тарабынан сынға ұшырады. Олардың пікірінше, заң жобасын қабылдауды соза беру Трамптың жақтастарына Ресейге жасалатын қысымды азайтуына мүмкіндік береді.

Өткен аптада сенат Ресейге АҚШ-тағы президент сайлауына киліккені үшін шектеу шараларын қатаңдататын құжат қабылдаған.

Жаңа санкцияға теміржол және кеме транспорты салаларында жұмыс істейтін мемлекеттік компаниялар ілігуі мүмкін. Сонымен қатар мұнай-газ саласына да шектеу шаралары енгізілуі мүмкін. Бұдан өзге, құжатқа сай Ресейге қарсы санкциялар президент жарлығынан заңға айналып, президенттің санкцияларды конгрестің мақұлдауынсыз жеңілдету, я жоюын қиындатады.

Сенаттағы дауыс беру алдында АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон Ресейге қарсы жаңа санкциялар Ресеймен байланыс арналарын жабуы мүмкін екенін ескерткен.

XS
SM
MD
LG