Accessibility links

Ауғанстан: Баграм базасына жақын маңда 8 сарбаз оққа ұшты


Баграмдағы АҚШ әуе базасы, Ауғанстан.
Баграмдағы АҚШ әуе базасы, Ауғанстан.

Ауғанстанның Парван уәлаятында қарулы адамдар қауіпсіздік қызметінің сегіз сарбазын атып өлтірді деп хабарлады Ауғанстан билігі. Уәлаяттың Баграм ауданының губернаторы Абдул Шокур Кудосидің хабарлауынша, шабуылдан тағы екі сарбаз жараланған.

Баграмдағы базада қызмет еткен сарбаздарға 20 маусымда олар базадан 20 километр қашықтықта Шах Ках ауылына жақын жолда көлікте келе жатқанда қарулы адамдар оқ жаудырған. Қауіпсіздік қызметінің 10 сарбазы жұмысына бара жатқанда шабуылға ұшыраған.

Әзірге бір де бір топ шабуыл жауапкершілігін мойнына алмады.

Баграм әуе базасы - АҚШ-тың Ауғанстандағы ең ірі әскери базасы. Бұл база жиі шабуылға ұшырайды. Өткен жылы қарашада база территориясында жанкешті өзін-өзі жарып жіберіп, америкалық екі әскери қызметкер мен екі жалдамалы сарбаз қаза тапқан, 16 адам жараланған.

XS
SM
MD
LG