Accessibility links

НАТО Польша мен Литва территориясында әскери жаттығу өткізді


Сувалкский ауданында НАТО әскери жаттығуына қатысып жатқан литвалық сарбаздар. 17 маусым 2017 жыл.
Сувалкский ауданында НАТО әскери жаттығуына қатысып жатқан литвалық сарбаздар. 17 маусым 2017 жыл.

НАТО Ресейдің Калининград эксклавы мен Кремльдің жақын одақтасы Беларусь арасынан өтетін Польша-Литва шекарасы бойындағы құрлықтағы дәлізін қорғау үшін алғашқы ірі әскери жаттығу өткізді. Литва президенті Даля Грибаускайте 20 маусымда жаттығу НАТО-ның аймақ қауіпсіздігін қамтамасыз етуге дайын екенін дәлелдейтінін мәлімдеді. 17-18 маусымда өткен жаттығуға АҚШ, Польша, Ұлыбритания, Литва мен Хорватиядан бір жарым мыңға тарта әскери қызметкер қатысты.

Ресей құрлықтағы Сувалкский дәлізіне шабуыл жасауы мүмкін деген қауіп Ресей 2014 жылы Қырымды аннексиялап алған соң туындаған. Мәскеудің Қырымды аннексиялап алуы Ресей мен Батыс елдері арасындағы қарым-қатынастың қырғи-қабақ кезеңінен бері болмаған деңгейдще нашарлауына әкеліп соқтырды.

НАТО-ның бұл жаттығуына дейін Ресей, Беларусь және Сербия Беларусь пен Польшаның шекарасына жақын біріккен әскери жаттығу өткізген. 19 маусымда НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг, Латвия президенті Раймонд Вейонис және Канада қорғаныс министрі Харджит Саджан Латвияда НАТО батальоны орналастырылғанын және оны Канада басқаратынын хабарлаған.

XS
SM
MD
LG