Accessibility links

Бельгия билігі: Брюссельде терактінің алды алынды


Брюссельдегі орталық вокзал маңын қоршап тұрған әскерилер. Бельгия, 20 маусым 2017 жыл.
Брюссельдегі орталық вокзал маңын қоршап тұрған әскерилер. Бельгия, 20 маусым 2017 жыл.

Брюссельдегі теміржол станцияларының бірінде 20 маусым күні кешке әскери қызметкерлер шағын ғана жарылыс болғаннан кейін күдіктіге оқ атты. Орталық вокзалда саперлер күдікті денесіне таңып алған белдемшені қауіпсіз түрде залалсыздандарды. Станцияда толықтай эвакуация жасалып, басқа да қауіп төніп тұрмағанын тексеріп жатыр. Келіп түскен мәліметтер бойынша, күдіктіден басқа ешкім жараланбаған, ал жарылыстан аз ғана зардап келген.

Брюссель прокуратурасы оқиға барысында терактінің алды алынған болуы әбден мүмкін дейді. Күдіктінің тірі қалғаны, я көзі жойылғаны белгісіз. Ұлттық теміржол компаниясының өкілі жасы 30-35 шамасындағы ер адамның екіленіп кеткенін айтады. Күдікті "Аллаху акбар!" деп айқайлап, жиһадшыларды айтып, сосын жүк таситын арбада әлдебір затты жарған.

La Libre Belgique газеті күдіктінің рюкзагы мен жанкештілер тағатын юелдемшесі болғанын жазды. Әлеуметтік желілерде таралған оқиға орнынан түсірілген суретте станцияда шағын өрт болғаны көрінеді. Брюссель полициясының Twitter-дегі аккаунтында "Станциялардың бірінде төтенше оқиға болды. Жағдай бақылауда" деп хабарланған.

XS
SM
MD
LG