Accessibility links

Талдықорған әуежайындағы өрттен күйген екінші адам көз жұмды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Талдықорғанда өткен аптада әуежай территориясында болған өртті сөндіру кезінде күйік шалып ауруханаға түскен екінші жұмысшы көз жұмды. Жергілікті агенттіктердің Талдықорған қалалық көпсалалы ауруханасының бас дәрігері Сәуле Құсмолдановаға сілтеме жасап хабарлауынша, 28 жастағы жанармай құюшы техник 20 маусымда "қанының бұзылуынан" жан тапсырған.

Авиациялық жанармай құятын жұмысшы 15 маусым күні кешке әуежай перронынан бір километр шамасындағы қойманың насос станциясында болған өрттен күйік шалған. 18 маусымда өртті сөндіруге қатысқан қауіпсіздік қызметінің инспекторы, денесінің 90 пайыздан астамын күйік шалып, ауруханаға жеткізілген 44 жастағы Рахат Қаметаев қайтыс болған.

Қайғылы оқиғаның себептерін транспорт прокуратурасы мен полиция және еңбекті қорғау инспекциясының комиссиясы анықтап жатыр.

XS
SM
MD
LG