Accessibility links

Сауд Арабиясының королі ұлын тақ мұрагері етіп тағайындады


Мохаммед бин Салман, Сауд Арабиясы королінің тақ мұрагері.
Мохаммед бин Салман, Сауд Арабиясы королінің тақ мұрагері.

Сауд Арабиясының королі Салман ұлы Мохаммед бин Салманды тақ мұрагері етіп тағайындау туралы жарлық шығарды. Сауд Арабиясының SPA агенттігінің хабарлауынша, бұған дейін тақ мұрагерінің орынбасары болған 31 жастағы Мохаммед бин Салман корольдің 57 жастағы туыс інісі Мохаммед бин Наифтің орнына тағайындалған.

Жаңа ханзада сонымен қатар вице-премьер қызметіне де тағайындалған және қорғаныс министрі қызметінде қала береді. АҚШ-пен тығыз байланыс орнатқан Мохаммед бин Салман корольдіктегі ықпалды тұлға саналады. Ол Сауд Арабиясының Йеменге басып кіру операциясын басқарған.

Дубайда орналасқан Al Arabiya телеарнасының хабарлауынша, Мохаммед бин Салманды тағайындауды Король әулетіне адалдық кеңесі мақұлдаған. Телеарна Салманның тағайындалуын кеңестің 34 мүшесі қолдап, 3-уі қарсы дауыс бергенін айтады.

XS
SM
MD
LG