Accessibility links

Ресей мен АҚШ ұшақтары "бір-біріне қауіп төндірерліктей" жақын ұшты


АҚШ-тың RC-135 ұшағы.
АҚШ-тың RC-135 ұшағы.

Балтық теңізі үстінде ресейлік истребитель ұшақ пен АҚШ-тың барлаушы ұшағы бір-біріне қауіп төндіретіндей жақын қашықтықта ұшып өтті.

Пентагонның ресми өкілі ресейлік ұшақ RC-135 барлаушы ұшағын 19 маусымда халықаралық әуе кеңестігінде қақпайлағанын айтады. Оның сөзінше, АҚШ ұшағы қандай да бір арандататындай маневр жасамаған. Пентагон америкалық БАҚ-тың ресейлік және америкалық ұшақтар бір-біріне бір жарым метр ғана қашықтықта ұшып өтті деген ақпаратын растамады.

АҚШ әскерилері Ресейдің Калининград облысы аумағынан 40 километр қашықтықта жасалған қақпайлау "жоғары жылдамдықта жақындағандықтан және ұшақты басқарудың әлсіз болуына байланысты" "қауіпті болғанын" айтады.

Ресей қорғаныс министрлігі АҚШ-тың қақпайлауға қатысты ақпаратын жоққа шығарып, америкалық ұшақ "ресейлік Су-27 истребителіне арандататындай бұрылғанын" айтады.

Соңғы айларда АҚШ пен Ресей ұшақтары қатысқан бірнеше оқыс оқиға болған.

XS
SM
MD
LG