Accessibility links

Пәкістан Ауғанстанмен шекарасына қорған тұрғызбақ


Ауғанстан мен Пәкістан картасы (Көрнекі сурет).
Ауғанстан мен Пәкістан картасы (Көрнекі сурет).

Пәкістан билігі таяуда Ауғанстанмен шекараны оқшаулап, қорған тұрғызбақ. Исламабад бұл жоспары шекара қауіпсіздігін күшейту қажеттігінен туындады дейді.

Құрылыстың алғашқы кезеңінде Бажаур, Мохманд және Хайбер аудандарына қорған тұрғызылмақ. Бұл үш аудан шекараға жақын орналасқан. Исламабад аталған аймақтарға әрі әскер кіргізіп, бақылау орнатпақ.

Пәкістан мен Ауғанстан арасындағы шекараның ұзындығы 2400 километрді құрайды. Пәкістан мұны халықаралық мойындалған шекара деп санайды. Бірақ Ауғанстан Пәкістанмен арадағы шекараның халықаралық мәртебесін ешқашан мойындамаған. Екі ел арасында жыл сайын көшпенді тайпалары арлы-берлі көшіп жүреді.

XS
SM
MD
LG