Accessibility links

Ауған талибтері кепілге алған адамдарының видеосын жариялады


Ауғанстанның солтүстігіндегі Кундуз қаласында бақылау-өткізу бекетінде тігіліп тұрған "Талибан" туы (Көрнекі сурет).
Ауғанстанның солтүстігіндегі Кундуз қаласында бақылау-өткізу бекетінде тігіліп тұрған "Талибан" туы (Көрнекі сурет).

Ауғанстандағы талибтер ұрлап әкеткен америкалық пен австралиялық екі азаматтың өз елдерінен өздерін босатуға көмектесуді және тұтқын алмасу туралы келіссөз өткізуді сұраған бейнежазбасын жариялады.

Америкалық азаматы, Кабулдағы Америка университетінде дәріс беретін Кевин Кинг пен оның әріптесі, австралиялық Тимоти Уиксді өткен жылы университет аумағынан ұрлап әкеткен. Талибтердің мәлімдеуінше, видео жазба 16 маусымда түсірілген. Видеода екі ер адам камерада үндеу жасап, өздерін босату үшін тұтқындағы талибтерді қайтаруды сұрайды.

Осыған ұқсас видео биыл қаңтар айында да пайда болған. АҚШ билігі қазір Ауғанстанға қатысты жаңа стратегиясын дайындап жатыр. Онда болжам бойынша Ауғанстандағы америкалық әскер санын 3-5 мың адамға дейін көбейту қарастырылмақ.

Өткен жылы қыркүйекте кепілдегілерді босатуға әрекет жасалған еді, бірақ арнайы операция жүргізілген жерде олар болмай шыққан.

Адам ұрлау - Ауғанстандағы үлкен проблема. Кісі ұрлауда көбінесе ауғандықтар құрбан болады. Кісіні көбінесе ақша талап ететін бандиттік топтар ұрлайды. Кейбір топтар өздерінің саяси мақстаына жету үшін шетелдіктерді де ұрлайды.

XS
SM
MD
LG