Accessibility links

Алматыда көпірден секірген адам аман қалды


Алматының әл-Фараби даңғылы бойындағы көпірлердің бірінің асты (Көрнекі сурет).
Алматының әл-Фараби даңғылы бойындағы көпірлердің бірінің асты (Көрнекі сурет).

Алматыда Шығыс айналма жолында көпірден секірген ер адам аман қалды деп хабарлады қалалық ішкі істер департаментіне (ІІД) сілтеме жасаған Tengrinews.kz. Оқиға бейсенбі күні сағат 10 шамасында болған.

ІІД баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбектің ақпараты бойынша, 1995 жылы туған ер адам көпірден секірмек болғанда полиция қызметкерлері оны райынан қайтару үшін жақын қашықтықта сөйлескен. Бұдан соң төтенше жағдайлар қызметінің өкілдері төменнен тент жайып ұстап, ер адам соның үстіне секіріп аман қалған.

Әзірбек көпірден секірген адамның "айтарлықтай талап қоймағанын", қазір одан полиция қызметкерлері жауап алып жатқанын айтты.

XS
SM
MD
LG