Accessibility links

Астанада Шетел инвесторлары кеңесінің жиыны басталды


Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан президенті.

Астанада Шетел инвесторлары кеңесінің кезекті отырысы басталды. Кеңестің 30-пленарлық отырысы EXPO-2017 көрме кешенінің аумағында өтіп жатыр. Жиынға Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев та қатысып жатыр. Жиынның күн тәртібіне Қазақстандағы инвестициялық ауанды жақсарту және баламалы қуат көздерін дамыту мәселелері қойылған.

Шетел инвесторлары кеңесінің құрамында шетелдік ірі компаниялардың өкілдері бар. Кездесуге халықаралық қаржы институттары мен үкімет өкілдері қатысып жатыр.

Жиынды ашып сөз сөйлеген Назарбаев кеңестің жаңа екі мүшесі - Азия қайта құру және даму банкінің жеке сектордағы операциялар және бірлесе қаржыландыру жөніндегі вице-президенті Дивак Гупт пен "Марубени Корпорейшн" компнаиясының Еуропа, Африка және ДМД елдері бойынша аймақтық аға атқарушы офицері Наоя Ивашитуді таныстырды. "Олар зейнетке шыққан өздерінің әріптестерін алмастырды" деді Назарбаев.

Ол кадрлық өзгерістерге байланысты кеңес құрамына Қазақстан жағынан да жаңа өкілдер қосылғанын айтты.

XS
SM
MD
LG