Accessibility links

Астана мен Үрімжі арасында жолаушылар пойызы жүре бастады


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Астана мен Қытайдың Үрімжі қаласы арасында жолаушылар пойызы жүре бастады. "Жолаушылар тасымалы" компаниясының хабарлауынша, пойыз Астанада өтіп жатқан EXPO-2017 көрмесі кезінде қатынайды.

Пойыз Алматы арқылы Алтынкөл теміржол торабына барады. Теміржол рельстерінің табаны әртүрлі болып келетін Қазақстан және Қытай пойыздары осы жерде түйісіп, жолаушылар вагон алмастырады. Қазақстаннан барған пойыздың жолаушылары ары қарай Қытай пойыздарына отырады, ал Қазақстанға келетін қытайлық жолаушылар қазақстандық пойыздарға ауысып отырады.

Пойыз алмастыру кезінде жолаушылар шекара және кедендік бақылаудан өтеді. 31 вагоны бар пойыз күн сайын жүреді.

XS
SM
MD
LG