Accessibility links

Нығматулин: Депутаттар сынды қашан да ашық қабылдайды


Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин (оң жақта) журналисті марапаттап тұр. Астана, 22 маусым 2017 эыл.
Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин (оң жақта) журналисті марапаттап тұр. Астана, 22 маусым 2017 эыл.

Астанада журналистер күнінің қарсаңында парламент мәжілісі журналистерді құттықтап, сый-сыяпат жасады. Мәжілісте өткен салтанатты шараға Азаттық тілшісі Мәди Бекмағанбет те арнайы шақырылды.

Салтанатты шараны мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин жүргізіп, журналистерді құттықтап, марапаттады. Жиынға шақырылған ондаған ақпарат құралы өкілдеріне бағалы электронды құрылғылар салынған сөмкелер сыйға тартылды. Сонымен бірге, парламенттің жұмысын үздік көрсетті делінген журналистерге алғаш рет "Парламент сөзі" жүлдесі берілді. Он үш статуэтканың барлығын дерлік ресми БАҚ өкілдері иеленді.

Азаттық тілшісі Нығматулинге "Журналистер депутаттарды сынап жататын жағдайлар болады. Бұл жүлде журналист материалдарындағы сынға қалай әсер етеді, журналистер парламентті сынай алмай қалмай ма?" деп сұрады. Спикер "депутаттар сынды әрқашан ашық қабылдайтынын" айтты.

- Меніңше, ол жағынан ешқандай байланысы жоқ. Себебі журналистің жұмысы депутаттардың қалай жұмыс істеп жатқанынан толық, ашық ақпарат беру. Ал депутаттар өздерінің жұмысын кәсіби атқаруы керек. Сондықтан бүгінгі жеңімпаздар, оның ішінде көрген боларсыздар, депутаттарды сынап жүрген материалдар да болды. Сондықтан біз оны [сынды] әрқашан да ашық қабылдаймыз, - деді Нығматулин.

"Парламент сөзі" жүлдесімен "Егемен Қазақстан", "Халық сөзі", "Советы Казахстана", "Айқын", "Казахстанская правда" газеттері, "ҚазТАГ", "Информбюро" ақпарат агенттіктері, "Хабар", "Қазақстан", "Хабар24", "КТК", "Астана" телеарналары және Қазақ радиосының қызметкерлері марапатталды.

XS
SM
MD
LG