Accessibility links

Сенат азаматтықтан айыру туралы заң жобасын мақұлдады


Парламент сенаты, Астана (Көрнекі сурет).

Қазақстан парламентінің сенаты "террорлық қылмыс" жасаған адамды азаматтықтан айыру туралы даулы заң жобасын мақұлдады. Сенат заң жобасын мқаұлдап, ол Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қол қоюына жіберілген. Құжатты мамыр айында мәжіліс мақұлдаған.

Заң жобасы бойынша, қылмыстық кодекске елдің "өмірлік маңызы бар мүдделеріне ауыр зиян келтіру" және "аса ауыр террористік қылмыстар жасауға" қатысты азаматтықтан айыру түріндегі қосымша жаза тағайындау қарастырылған. Азаматтықтан айыру жазасы тағайындалатын қылмыстар санатында терроризм актісі, террористік топ құру, оған басшылық ету және оның әрекетіне қатысу, жалдамалылық, Қазақстан президентінің өміріне қол сұғушылық, адамды кепілге алу, геноцид, экоцид, сепаратистік әрекет, экстремистік топ құру және оған басшылық ету, билікті басып алуға, конституциялық құрылымды күштеп өзгертуге шақыру, мемлекетке опасыздық жасау сияқты қылмыстар бар.

Жобаны сынайтындар оның талаптары оппозициялық саясаткерлерге, оның ішінде шетелге кетіп қалған саясаткерлерге қарсы қолданылуы мүмкін дейді. Олардың пікірінше, "өмірлік маңызы бар мүдделер" ұғымының мағынасы кең.

Бұған дейін үкіметте заң жобасын таныстырған әділет министрі Марат Бекетаев заңға енгізілетін өзгерістер "саяси құралға айналмайтынын", "саясаттың қатысы жоғын" айтқан.

Видео: Адамды азаматтықтан айыру түріндегі қосымша жаза тағайындайтын заң жобасын үкіметте талқылау (25.04.2017)

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG