Accessibility links

АЕ/АР президенті "Крым.Реалии" жобасына тағылған айыпқа жауап қатты


Азат Еуропа / Азаттық радиосы медиакорпорациясы президенті Томас Кент.
Азат Еуропа / Азаттық радиосы медиакорпорациясы президенті Томас Кент.

Азаттық радиосы Украин қызметінің "Крым.Реалии" жобасы журналистерін "мемлекетке опасыздық" жасады деп айыптаған "Крыминформ" порталындағы жарияланым бұл журналистердің қауіпсіздігі мен олардың кәсібіне қол сұғу боп саналады. Бұл туралы бүгін Азат Еуропа / Азаттық радиосы (АЕ/АП) медиакорпорациясының президенті Томас Кент мәлімдеді.

Ол "Крым.Реалии" сайты Ресей аннексиялаған Қырым түбегі тұрғындарына шынайы ақпарат жеткізіп, өз жұмысында әлемдегі барлық елдер, соның ішінде Ресей мен АҚШ та мойындаған демократиялық құндылықтар мен плюрализм принциптерін басшылыққа алатынын айтқан.

Томас Кент сонымен бірге Қырым аумағында тәуелсіз журналистер қысымға ұшырайтынын да атап өткен.

Бұған дейін Қырымның Мәскеуге бағынышты билігіне жақын "Крыминформ" сайты "Азат емес ақиқат. Отанды сату қанша тұрады" ("Несвободные реалии. Сколько стоит Родину продать") деген тақырыппен материал жариялаған. Онда авторлар "Крым.Реалии" жобасын "бүлдіру әрекетімен" айналысып, ресейлік саяси процестерге араласып отыр деп айыптаған.

XS
SM
MD
LG