Accessibility links

Трамп Комимен әңгімесінің аудио жазбасы барын жоққа шығарды


АҚШ президенті Дональд Трамп пен Федералдық тергеу бюросының бұрынғы директоры Джеймс Коми.
АҚШ президенті Дональд Трамп пен Федералдық тергеу бюросының бұрынғы директоры Джеймс Коми.

АҚШ президенті Дональд Трамп Федералдық тергеу бюросының бұрынғы директоры Джеймс Комимен кездесуін аудиоға жазып алмағанын және өзінде онда жазба жоғын мәлімдеді. Трамп 22 маусымда Twitter-де жариялаған жазбасында басқа қандай да бір жазба бар-жоғынан "хабарсыз" екенін айтты.

Трампта мамыр айында Twitter-де "Коми егер баспасөзбен байланыс ұстай бастаған болса, онда әекеуара ңгімеміздің жазбасы жоғынан үміттеніп көрсін" деп жазған еді. Осыдан кейін Трампта кездесудің дыбыс жазбасы бар деген болжамдар айтыла бастаған.

Дональд Трамп Джеймс Комиді 9 мамырда қызметінен босатқан. Бұдан соң Коми Трамп кездесуде өзінен президентке адал болуды сұрағанын мәлімдеген. Комидің сөзіне қарағанда, Трамп сонымен қатар Федералдық тергеу бюросы президенттің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі бұрынғы кеңесшісі Майкл Флиннің Ресеймен ықтимал байланысын тексеруден бас тартатынынан "үмітті екенін білдірген". Бірақ Трамп мұны жоққа шығарады.

АҚШ президенті Ақ үйдегі диалогты жазып алды деген болжам 1972-1973 жылдардағы Уотергейт жанжалын еске түсіреді. Сол кездегі президент Ричард Никсон Ақ үйегі диалогты таспаға жазып алып, кейін ол өшірілген. Кейін саяси қысым нәтижесінде ол отставкаға кетуге мәжбүр болған.

XS
SM
MD
LG