Accessibility links

Астанада дүниежүзі қазақтарының кезекті құрылтайы басталды


Астанада басталған дүниежүзі қазақтарының бесінші құрылтайы. 23 маусым 2017 жыл.
Астанада басталған дүниежүзі қазақтарының бесінші құрылтайы. 23 маусым 2017 жыл.

Астанада дүниежүзі қазақтарының бесінші құрылтайы басталды. Ресми мәлімет бойынша, ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аясында ұйымдастырылған құрылтайға 800-ге тарта делегат қатысады, олардың 350-і 39 мемлекеттен келген.

Құрылтайды Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев сөз сөйлеп ашты.

Құрылтай кезінде халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция, бірнеше министрліктің ұйымдастыруымен дөңгелек үстелдер өтеді, құрылтай қонақтары ЭКСПО-2017 көрмесін аралайды деп жоспарланған.

Бұған дейін, 22 маусымда Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мамашев құрылтайда көптеген мәселе талқыланатынын айтқан. Ол Азаттық тілшілерінің "Ертең Шыңжаңдағы діни радикал ұйымдармен араласы бар деген күдікпен тұтқындалған қазақтардың мәселесі көтеріле ме?" деген сауалға "Басымды қатырмашы" деп дөрекі түрде жауап берген.

Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы бірінші рет 1992 жылы Алматыда өткен. Құрылтай әрбір бес жыл сайын ұйымдастырылады. Биылғы жиын тақырыбы президенттің "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласына негізделген.

ВИДЕО: Талғат Мамашевтің Азаттық тілшісі сұрағына жауабы (22.06.2017)

Мамашев: "Басымды қатырмашы!"
please wait

No media source currently available

0:00 0:00:57 0:00

XS
SM
MD
LG