Accessibility links

ҰҚК қызметкері "жаттығу кезінде жараланып" көз жұмды


ҰҚК арнайы жасағының сарбаздары (Көрнекі сурет).
ҰҚК арнайы жасағының сарбаздары (Көрнекі сурет).

Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) арнайы жасағының қызметкері оқ тиіп қаза тапты. ҰҚК ақпаратына қарағанда, "оқыс жағдай" 22 маусым күні жоспарлы тактикалық жаттығу кезінде болған.

Қызметін атқарып жүріп оқ тиіп жараланған инструктор майор К.Е. Астанада ауруханаға жеткізілген соң есін жимаған күйі жан тапсырған. ҰҚК бұл оқиға бойынша тергеу басталғанын айтады.

XS
SM
MD
LG