Accessibility links

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының орынбасары ауысты


Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының логотипі. (Сурет қауымдастықтың ресми сайтынан алынды).
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының логотипі. (Сурет қауымдастықтың ресми сайтынан алынды).

Талғат Мамашев Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары қызметінен босатылып, орнына Зауытбек Тұрысбеков сайланды. Бұл жайында бүгін Астанада өтіп жатқан дүниежүзі қазақтарының бесінші құрылтайында белгілі болды.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, жаңа төраға құрылтайда дауыс беру кезінде сайланған.

Талғат Мамашев бұған дейін, 22 маусымда құрылтайда көптеген мәселе талқыланатынын айтқан. Ол Азаттық тілшілерінің "Ертең Шыңжаңдағы діни радикал ұйымдармен араласы бар деген күдікпен тұтқындалған қазақтардың мәселесі көтеріле ме?" деген сауалына "Басымды қатырмашы" деп дөрекі түрде жауап берген.

Зауытбек Тұрысбеков бұған дейін Қазақстанның Ресейдегі, Өзбекстандағы елшісі, ішкі істер министрі, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі болған, бұрынғы миграция және демография агенттігін басқарған,

XS
SM
MD
LG