Accessibility links

Шымкентте жанармай қоймасындағы өрттен бір адам қаза тапты


Шымкенттегі жанармай құю станцияларының бірі (Көрнекі сурет).
Шымкенттегі жанармай құю станцияларының бірі (Көрнекі сурет).

Шымкенттегі "Шымкент мұнай өнімдері" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде өрт шығып, бір адам қаза тапты деп хабарлайды Азаттыққа Оңтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаменті. Өрт серіктестіктің жанар-жағармай сақтайтын қоймасында шыққан.

Департаменттің баспасөз қызметінің маманы Зарипа Тұрлыбекованың айтуынша, өрт 200 шаршы метрді шарпыған. Қазіргі уақытта оқиға орнында 200-ге жуық төтенше жағдай қызметкері мен 35 техника жұмыс істеп жатыр.

- Өрт әлі оқшауланып, сөндірілген жоқ. Қосымша өрт сөндіруге арнайы поезд жұмылдырылған. Оқиға орнында алған жарақатынан серіктестіктің 1971 жылы туған қызметкері қайтыс болды, - дейді Зарипа Тұрлыбекова.

Өрт шыққан қоймада АИ-92 маркалы бензині сақтаулы тұрған.

- Қазір өрт шыққан резевуардан жанында тұрған резевуарды өрт шарпу өтіп қаупі бар. Сақтық шаралары жасалып жатыр. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр, - дейді ол.

XS
SM
MD
LG