Accessibility links

Ресей Сириядағы ИМ шептерін зымыранмен тағы атқылады


Жерорта теңізіндегі ресейдің "Адмирал Григорович" әскери кемесінен Сирияға зымыран ату сәті. 15 қараша 2016 жыл.
Жерорта теңізіндегі ресейдің "Адмирал Григорович" әскери кемесінен Сирияға зымыран ату сәті. 15 қараша 2016 жыл.

Ресей қорғаныс министрлігі Жерорта теңізіндегі Ресейдің әскери кемесінен Сириядағы "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымының шептерін зымыранмен атқылағанын хабарлады.

Министрліктің 23 маусымда таратқан мәлімдемесінде "Адмирал Эссен" және "Адмирал Григорович" фрегаттары мен "Краснодар" сүңгуір кемесінен Хама провинциясының Акирбат аймағындағы ИМ-нің қолбасшылық орталығы мен оқ-дәрі сақталған қоймаларына қанатты "Калибр" зымырандарының алтауы атылғаны айтылады. Ресми мәлімет бойынша, бұдан соң ресейлік әскери ұшақтар әуеден шабуылдап, "ИМ-нің қалған содырлары мен нысандарын жойған".

Шабуылдың нақты қашан жасалғаны айтылмайды.

Мәскеу бұған дейін де Жерорта теңізінен Сириядағы ИМ шептерін зымыранмен атқылаған.

Сирия президенті Башар Асадтың одақтасы Ресей бұл елде 2015 жылдың қыркүйегінен бері әуе шабуылдарын жасайды.

XS
SM
MD
LG