Accessibility links

Оңтүстік Корея экс-президентінің серігі үш жылға сотталды


Оңтүстік Корея экс-президенті Пак Кын Хенің серігі Цой Сун Силь (ортада) сот залында. Сеул, қаңтар 2017 жыл.

Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Пак Кын Хенің серігі Цой Сун Силь үш жылға сотталды. Reuters-тің хабарлауынша, Сеул соты Цой Сун Сильді мемлекет басшысынан заңсыз жеңілдіктер иеленген деп айыптаған.

Тергеу ұйғарымынша, әйел Пак Кын Хеге қызын университетке оқуға қабылдату үшін ықпал еткен.

Цой Сун Силь сонымен қатар боспалады, билікті теріс пайдаланды және алаяқтық жасамақ болды деген күдіккке ілінген. Бұл істер бойынша сот әлі болған жоқ. Сотталушы өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарады.

Оңтүстік Кореяның экс-президенті Пак Кын Хе коррупциялық дауға ілігіп, биыл наурыздың ортасында импичмент жарияланып биліктен кетуге мәжбүр болған. Экс-президент "пара алды, билікті теріс мақсатта пайдаланды және мемлекеттік құпияны жариялады" деп айыпталып, қамауға алынған. Пак Кын Хе өзіне тағылған айыпты мойындамайды. Пак Кын Хеге тағылған айыптардың көбі оның серігімен байланысты.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG