Accessibility links

Сот Қырым татарлары белсендісі Ахтем Чийгозды қамауда қалдырды


Қырым татарлары межлисі жетекшісінің орынбасары Ахтем Чийгоз. 10 желтоқсан 2012 жыл.
Қырым татарлары межлисі жетекшісінің орынбасары Ахтем Чийгоз. 10 желтоқсан 2012 жыл.

Ресейдің 2014 жылғы көктемде Қырымды аннексиялап алуына қарсылық білдіргені үшін Мәскеуге бағынышты түбектегі биліктің тарапынан қудалауға ұшыраған қырым татарларының белсендісі Ахтем Чийгозды қамауда ұстау мерзімі тағы үш айға ұзартылды. Ахтем Чийгоздың адвокаты Николай Полозов маусымның 22-і күні Азаттыққа Қырымның Жоғарғы соты белсендіні қазанның 8-іне дейін қамауда қалдыруды сұраған прокурордың өтінішін қолдағаны туралы хабарлады. Полозов сотқа Ахтем Чийгозды қамаудан босатуды сұрап өтініш білдіргенін, онда келтірген дәйектердің арасында тұтқынның анасының айықпас дертке шалдыққанын айтқан.

Маусымның 20-ы күні Ахтем Чийгоздың жақтастары мен құқық қорғаушылар өткізген наразылық акцияларынан кейін билік тұтқын мен анасының 10 минуттық кездесуіне рұқсат берген.

2014 жылғы ақпанның 26-сы күні Қырым парламенті ғимараты алдында Қырым татарлары мен Украинаның біртұтастығын қолдайтын белсенділер Мәскеу саясатын жақтайтын ресейшілдермен қақтығысып қалған. Осы оқиғаларға байланысты билік 2015 жылы қаңтарда Ахтем Чийгозды тұтқындап, оған «заңсыз шеру ұйымдастырған» деген айып таққан. Чийгоздің ісі бойынша сот өткен жылы қазанда басталған.

XS
SM
MD
LG