Accessibility links

Ресей ОСК: Навальный президент сайлауына түсе алмайды


Ресейлік оппозиционер Алексей Навальный Мәскеу сотында отыр. 16 маусым 2017 жыл.
Ресейлік оппозиционер Алексей Навальный Мәскеу сотында отыр. 16 маусым 2017 жыл.

Ресейлік оппозициялық саясаткер Алексей Навальный сот жазасын әлі толық өтеп бітпегендіктен президент сайлауына түсе алмайды. Бұл туралы Ресей орталық сайлау комиссиясы мәлімдеген. Бұған дейін "Кировлес ісі" бойынша Навальный бес жыл шартты мерзімге сотталып, оның үкімінің орындалуы бір жыл бес айға шегерілген.

Заң бойынша, мұндай жағдайда «ауыр қылмысы үшін сот үкімі шыққан адам соттылығы алынып тасталған немесе жойылғаннан кейін 10 жылдан соң, аса ауыр қылмыспен сотталғандар – 15 жылдан кейін ғана сайлана алады» делінген ОСК мәлімдемесінде.

Сонымен бірге мәлімдемеде Ресейде ресми сайлау кампаниясы әлі басталмағандықтан елдің әр аймағында Навальныйды қолдау үшін құрылған «штабтар» ресми дәрежеге ие бола алмайтыны айтылған. Орталық сайлау комиссиясы 2018 жылғы наурызға белгіленген Ресей президенті сайлауына ресми кандидат ұсыну тек 2017 жылы желтоқсанда басталатыны туралы ескерткен.

XS
SM
MD
LG