Алматыдағы Иегова куәгерлері христиандары орталығында бүгін үш күндік діни конгресс жұмысын бастады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, оның жұмысына бес мың делегат қатысып отыр. Олардың ішінде мың жарым адам АҚШ, Германия, Қырғызстан, Грузия, Украина және өзге елдерден келген.
"Иегова куәгерлері христиандар қауымы" баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, жиынға қонақ ретінде Алматы әкімдігі мен діндерді зерттеу орталықтарының өкілдері де келген. Бұл жиынды өткізуге жергілікті билік орындары рұқсат берген.
Конгресс тақырыбы - "Берілмеңдер!" сөзі Інжілден алынған делінген діни қауымдастықтың вебсайтында.
Бұл жиын Қазақстандағы Иегова куәгерлері діни қауымдастығы өкілі, 61 жастағы Теймур Ахмедовке сот үкімі шыққаннан кейін өтіп жатыр. Мамырдың 2-і күні Астананың Сарыарқа аудындық №2 соты Ахмедовты "діни алауыздықты қоздырғаны" үшін бес жылға бас еркіндігінен айырған. Осы аптада Астана қалалық соты оның апелляциялық шағымын қанағаттандырудан бас тартқаннан кейін үкім заңды күшіне енген.