Accessibility links

Астана ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысы ұсталған


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Астана қаласының ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы Азамат Мелдебеков жұма күні "пара алған" деген күдікпен ұсталып, уақытша ұстау орнына қамалған. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы баспасөз қызметіне сілтеме жасап, жергілікті ақпарат агенттіктері хабарлады.

Тергеу органы ақпаратында шенеуніктің "тексеру қорытындысын дұрыс жазу үшін республикалық мемлекеттік кәсіпорын өкілінен 3 миллион теңге пара алмақ болған" деген күдікпен ұсталғаны айтылған. Онымен бірге мемлекеттік аудит жүргізетін екі маман да пара алу қылмысына қатысты күдікке іліккен.

"Мелдебековтің жұмыс орны мен тұрғылықты жерін тексеру барысында 54 миллион теңге және 120 мың доллар ақша табылған" делінген жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы ақпаратында.

Астаналық шенеунікке қатысты сотқа дейінгі тергеу ісі басталған.

XS
SM
MD
LG