Accessibility links

Терроризмге қарсы операциялардың Астана кодексі жасалып жатыр


Қазақстандық сарбаз "Дала қыраны" халықаралық жаттығуы кезінде. Алматы маңы, 6 сәуір 2017 жыл.
Қазақстандық сарбаз "Дала қыраны" халықаралық жаттығуы кезінде. Алматы маңы, 6 сәуір 2017 жыл.

Қазақстан БҰҰ-мен бірлесіп бүкіл әлем қауымдастығы үшін терроризмге қарсы операциялардың Астана кодексін әзірлеп жатыр. Бұл туралы бүгін Астанада Қазақстан сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов мәлімдеді.

"Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ қарауына бірнеше бастама ұсынды. Олар қазіргі таңда жалпыға қатер төндіріп отырған зұлымдық – халықаралық терроризм мен экстремимзге қарсы күресте бүкіл әлем қауымдастығының күш біріктіруін көздейді. Және терроризмге қарсы операциялардың Астана кодексі – ғаламдық сипаты бар осынау қатерге қарсы күресуге мүдделі барлық тараптардың күш-жігерін жұмылдыруға бағытталған құжат. Қазір БҰҰ сарапшылары қазақстандық делегациямен бірге құжатты әзірлеу жұмыстарын атқарып жатыр, және ол ең алдымен БҰҰ қауіпсіздік кеңесі мүшелерінің назарына ұсынылатын болады", - деген Қайрат Әбдірахмановтың сөзін келтіреді Today.kz сайты. Министр мұны Астанадағы Еуразия медиифорумы кезінде айтқан.

Терроризмге қарсы операциялардың Астана кодексінде барлық елдерге террорға қарсы операциялар жүргізген кезде ортақ позиция ұстануды белгілейтін бап болады деген болжам айтылады.

XS
SM
MD
LG