Accessibility links

Өзбекстандық сықақшы он жыл тыйымнан соң телеэкранға қайта шығады


Өзбекстандық танымал сықақшы Обид Aсомов.
Өзбекстандық танымал сықақшы Обид Aсомов.

Өзбекстандық көрермендер республикаға еңбегі сіңген әртіс, танымал сықақшы Обид Асомовты ұзақ жылдық үзілістен кейін қайтадан телеарнадан көретін болды. Бұл туралы Азаттықтың Өзбек қызметі (Озодлик радиосы) Өзбекстан ұлттық телеарнасына (Milliy TV) сілтеме жасап хабарлады.

Обид Асомовтың қатысуымен "Кулиш шарт" әзіл-оспақ бағдарламасы маусымның 24-і күні эфирден көрсетілмек. 54 жастағы белгілі сықақшы Обид Асомовты соңғы он жылдан астам уақыт бойы елдегі телеарналар көрсетпей келді.

Асомов ресейлік "Қисық айна" ("Кривое зеркало") сатиралық сериалына қатысқаннан кейін Өзбекстаннан тыс аймақта да кең танылған. Бірақ содан кейін Өзбекстанда оны көрсетуге тыйым салынған. Обид Асомовтың өзі әзіл-оспақтарында Ресейдегі өзбек еңбек мигранттарын әжуалағаны өзіне қатысты тыйымға себеп болуы ықтимал деп жорамалдайды.

XS
SM
MD
LG