Accessibility links

Алматыда Иегова куәгерлері автобустарын полиция ұстаған


Иегова куәгерлерінің аймақтық конгресі делегаттары отырып жатқан автобустардың жанында полиция көліктері тұр. Алматыдағы "Иегова куәгерлері христиандары орталығы" ұсынған сурет. 24 маусым 2017 жыл.
Иегова куәгерлерінің аймақтық конгресі делегаттары отырып жатқан автобустардың жанында полиция көліктері тұр. Алматыдағы "Иегова куәгерлері христиандары орталығы" ұсынған сурет. 24 маусым 2017 жыл.

Алматы полициясы бүгін Иегова куәгерлерінің үш күндік аймақтық діни конгресіне қатысуға келген 900 шетелдік мінген 20 автобусты тоқтатты деп хабарлады Азаттыққа Алматыдағы «Иегова куәгерлері христиандары орталығы» баспасөз қызметі. Діни қауымдастық оқиғадан түсірілген суреттер мен видеоны да жолдаған.

Діни ұйымның ақпаратында мұндай жағдай конгресс басталған жұма күні және бүгін де қайталанғаны айтылған. Полиция 500-ге жуық шетелдік мейман отырған 11 автобусты жол-жөнекей тоқтатқан.

«1500 қонағымыз түскен тоғыз мейрамхананың жетеуінің алдында таңертеңгі сағат 6-дан бастап патруль көліктері тұрды. Автобустар қозғала салысымен патрульдер оларды тоқтатып, 20 минуттан 3 сағатқа дейін ұстады. Қонақтардың кейбірі егде жаста, денсаулығы да әлсіз, оларға бірнеше сағат бойы көшеде күтуге тура келді», - деп хабарлаған «Иегова куәгерлері» діни ұйымының баспасөз қызметі.

Сонымен бірге олар полиция өкілдері бес көлік жүргізушісін ағзасында алкогольді ішімдік белгілері бар-жоғын анықтау үшін тексеруге жібергені туралы мәлімдеген.

«Иегова куәгерлері христиандары орталығы» бұл беймаза оқиға кезінде шетелдік меймандар діни ұстанымдарына бола полиция тарапынан қысымға ұшырады деген пікір білдірген.

Бұл жайтқа байланысты Алматы полициясынан комментарий алу мүмкін болмады.

Алматыда жұма күні Иегова куәгерлері діни қауымдастығының үш күндік аймақтық діни конгресі жұмысын бастаған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жиынға бес мың делегат қатысып отыр. . Олардың ішінде мың жарым адам АҚШ, Германия, Грузия, Қырғызстан, Украина және өзге елдерден келген. Бұл жиынды өткізуге жергілікті билік орындары рұқсат берген.

  • 16x9 Image

    Светлана ГЛУШКОВА

    Светлана Азаттықтың Астана бөліміндегі тілші болып 2010 жылдан бастап істей бастады. Жоғары білімді ҚарҰУ-де алған. Жеті жыл қалалық жәнереспубликалық арналарда тілші және редактор ретінде тәжірибе жинаған.

XS
SM
MD
LG