Accessibility links

Қазақстанда жол апатында қаза болған өзбекстандықтарды анықтады


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстандағы Өзбекстан елшілігі осы аптада Қазақстанның Ақтөбе облысында жол-көлік апаты оқиғасында қаза тапқан және ауруханаға түскен өзбекстандықтардың аты-жөндерін хабарлады.

Маусымның 22-і күні Әйтеке би ауданы Қарабұтақ ауылы маңындағы Самара-Шымкент тас жолының 946-километрінде Mersedes-Benz маркалы жолаушы таситын қосқабатты автобус аударылып қалған. Автобуста Өзбекстанның 50 азаматы және екі қазақстандық болған. Апат салдарынан тоғыз өзбекстандық қаза болған. 17 өзбекстандық және Қазақстанның бір азаматы зардап шеккен.

Өзбекстан сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол апатынан жарақат алғандарға Әйтеке би ауданы Комсомол кентіндегі ауруханада медициналық жәрдем көрсетілген деп хабарлайды Азаттықың Өзбек қызмет (Озодлик радиосы). Апат кезінде жеңіл жарақат алған азаматтарға психологиялық көмек көрсетілген.

XS
SM
MD
LG