Accessibility links

Алмазбек Атамбаев: Сирия жайлы мәселе қозғалған жоқ


Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев.
Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев.

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев Сирияға бітімгершілік әскерін жіберуі ықтимал екені туралы БАҚ арқылы тараған ақпаратқа байланысты түсініктеме берді деп хабарлады Азаттықтың Қырғыз қызметі.

Атамбаев Мәскеуде өзімен кездескен Ресей президенті Владимир Путин Сирия бойынша мәселені мүлде қозғаған жоқ деп мәлімдеді.

Атамбаевтың сөзінше, бітімгерлер жіберу мәселесі жай ғана шешіле салмайды. «Өйткені, егер шынымен бұл мәселе көтерілетін болса, онда Ұжымдық қауіпсіздік келісімі ұйымының барлық мүшелерінің бірауыздан келісімі қажет болады. Екіншіден, БҰҰ қарары болуы тиіс, ал онда Ресейдің барлық бастамаларына қалайша қарайтынын білесіздер» деген Атамбаев.

Осы аптада Ресей мемлекеттік думасы қорғаныс комитетінің басшысы Владимир Шаманов Мәскеу Қазақстан мен Қырғызстаннан Астанадағы халықаралық келіссөздерде қол жеткізілген «Сириядағы эскалация туралы» келісімнің орындалуын қадағалау үшін әскер бөлуін сұрағаны жөнінде мәлімдеме жасаған. Қазақстан мен Қырғызстан биліктері өздерімен ешкім ондай келіссөз жүргізбегені туралы мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG