Accessibility links

Британ парламентіне кибершабуыл жасалды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Ұлыбританияда парламент мүшелерінің кейбірінің электронды поштасына хакерлер бұзуып кіруге әрекет жасаған. Қауымдар палатасы өкілінің сөзінше, депутаттардың жұмыс поштасосвнына кіру уақытша шектелген.

Кибершабуыл жасамақшы болған кімдер екені әзірше анықталмағаны хабарланды.

Ұлыбритания сыртқы сауда министрі Лиам Фокстің журналистерге мәлімдеуінше, хакерлік шабуыл тосын оқиға болмаған, содан бірнеше күн бұрын интернетте британ үкіметінің кей мүшелерінің электронды кілтсөздері сатылады деген хабар түскен.

Мамырдың 12-і күні ғаламдық деңгейде жасалған кибершабуылдан британдық ондаған медицина мекемесі зардап шеккен. Сол оқиғадан кейін билік компьютерлік қауіпсіздікке қосымша 60 миллион доллар бөлген.

Мамырдағы шабуылда WannaCry вирусы арасында АҚШ, Испания, Канада, Қытай, Ұлыбритания, Ресей және Франция да бар, әлемнің 150 елінде жүздеген мың компьютерді зақымдаған.

XS
SM
MD
LG